Мемлекет басшысы Үкіметті неге отставкаға жібермегенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Үкіметті неге отставкаға жібермегенін айтты

10.07.2020
Мемлекет басшысы Үкіметті неге отставкаға жібермегенін айтты

«Ашығын айтайын, осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлердің, ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл Үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ халықтың алдында ойын ұйымдастыруды жөн деп есептемеймін. Ондай жастан өтіп кеткенмін», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге, әкімдер мен Президент Әкімшілігі қызметкерлеріне еңбек демалысына кетпеуді тапсырды.

«Жаздың жартысы өтті. Министрлер, әкімдер, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне ешқандай еңбек демалысы жоқ. Өйткені төтенше жағдай орын алып отыр. Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар», - деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу