«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді

19.02.2019

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары 25 жылға 5 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгін Үкімет отырысында айтты. Осы бағытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған банкке биыл 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді. «Бәйтерек» холдингі арқылы жүзеге асатын бюджеттік несие «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жылдық 0,15 пайызбен 20 жылға берілмек.

Айта кетейік, банк мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды бастағаннан бері 14 378 пәтерді сатқан. Оның 8724-і былтыр өз иесін тауыпты. Бүгінде банкте 60,6 млрд теңге жинағы бар 1,3 млн салымшы тіркелген.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Салымшыларға берілетін займдар бастапқы жарнасы 20%-ға дейін болған жағдайда, ол 25 жылға 5%-бен беріледі. Мысалы, құны 8,4 млн теңге болатын пәтердің, яғни 60 шаршы метр 2 бөлмелі үйдің ай сайынғы төлемі 60 мың теңгені құрайтын болады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу