Блокпостар алынып тасталғаннан кейін жол апаты көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блокпостар алынып тасталғаннан кейін жол апаты көбейген

16.06.2020
Блокпостар алынып тасталғаннан кейін жол апаты көбейген

Блокпостар алынып тасталғаннан кейін жол апаты көбейген

Бұл туралы «Қазақавтожол» ЖШС-ның баспасөз қзметі хабарлады.

«Өңірлерде COVID-19 пандемиясы аясында карантин шарасының енгізілуіне байланысты автомобиль жолдарындағы көлік қозғалысының қарқындылығы бірнеше есе азайды. Жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеп, ал қаза болғандар саны 35 пайыз ғана болған. 

Алайда автомобильдердің қозғалысына деген шектеу шараларын алып тастау және көлік ағынының артуы жол апаты санының күрт өсуіне себеп болды», делінген хабарламада.

1-7 маусым аралығында ғана халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 29 жол апаты болып, салдарынан 16 адам көз жұмған, 50 адам жарақат алған. 

«Жыл басынан бері 642 жол-көлік оқиғасы болып, 193 адам қайтыс болса, өз кезегінде 2019 жылдың осы уақытында 309 адамның өлімімен 791 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Мамыр айы бойынша салыстырсақ, осы жылы 95 жол-көлік оқиғасы болған, бұл жағдайда жарақат алғандар саны 150 және 25 адам қайтыс болды, ал 2019 жылдың мамыр айында 154 жазатайым оқиға орын алып, 250 адам жарақат алса, 58 адам қайтыс болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламаларға жазылу