Осы ретте «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында былтыр 60 млрд теңгеге жуық 14 мыңнан астам шағын несие берілген. Мұндай мәліметтер Үкіметтің кеңейтілген отырысында жарияланды. Мәліметке сәйкес, несиенің басым бөлігі ауыл-аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталыпты. Яғни, 45 млрд-тан астам теңгенің 13 мыңға жуық несиесі ауылдағы ағайынның жеке кәсіп ашуына демеу болса, 14 млрд-тан астам теңге қаладағы бизнесті өркендетуге берілген. Жіліктеп айтар болсақ, қаржының 70 пайызы StartUp-тарға, 7 пайызы кооперацияға, 23 пайызы өз ісін кеңейтуге бөлінген. Нәтижесінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Ал, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 11 мың азамат микрокредит алған. Айта кетейік, Президент Үкіметке шағын несиелердің сомасын 62 млрд теңгеге жеткізуді қадап тапсырған болатын.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.