Республикалық бюджеттің 107 млрд. теңгесі кәдеге аспаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық бюджеттің 107 млрд. теңгесі кәдеге аспаған

11.12.2018

Бұл туралы Үкімет отырысында соңғы 11 айдың қорытындысын жариялаған Қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдеді. Айтуынша, бюджеттік шығыстары 8 трлн. 651 млрд. теңгеге яғни 98,6%-ға атқарылған. Ал, атқарылған сома 126 млрд. теңге. Оның 19 миллиарды үнемделіп қалса, қалған 107 млрд. теңгесі игерілмей қалған. Соның ішінде Қорғаныс министрлігі ең көп соманы яғни, 40 млрд. теңгені пайдаға асырмаған. Ал, ІІМ 13 млрд, Білім және ғылым министрлігі 11 млрд. теңге, Ауылшаруашылық пен Мәдениет және спорт ведомстволары 8 млрд. теңгені әлі сақтап отырған көрінеді. Аты аталған мекеме басшылары миллиардтаған қаржыны екі аптаның ішінде игеруге уәде етті.  

Әлихан Смаилов, ҚР Қаржы министрі:

- Жыл соңына дейін 12 күн қалды. Осы күндері біз бөлінген қаражатты толығымен игеру жұмыстарын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып атқаруымыз керек. Игерілу былтырғы жылдардан жақсы болады деп күтеміз. Игерілмеген ақшаның барлығын біз қайтарамыз.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу