Талдықорғанда газ тарату мекемесінің жұмысшылары жыл басынан бері жалақы алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда газ тарату мекемесінің жұмысшылары жыл басынан бері жалақы алмаған

26.05.2020

Жыл басынан бері жалақы алмаған ұжым. Талдықорғандағы апаттық-газ қызметінің жұмысшылары жыл басынан бері бір тиын айлық көрмеген. Алайда бір күнге де жұмысын тоқтатпаған. Тіпті 42500 теңгеге де қолдары жетпеген. Себебі апаттық қызмет қалалық әкімдіктің қарамағында мемлекеттік коммуналдық мекеме ретінде жұмыс істеп тұрған. Сәйкесінше, жұмысы тоқтамаған кәсіпорынға төлемақы да берілмейді.

Әкімдіктегілер жұмысшылардың жалақы алмауының басты себебі мемлекеттік сатып алу заңындағы өзгерістер екенін айтады. 2011 жылдан бері тікелей келісімшартпен қаржы аударып келген атқарушы билік биыл бұл құзырынан айрылған. Енді тек тендер арқылы жеңімпазды анықтап, қаржы аударуы тиіс. Жыл басынан бері үш рет байқау жарияланған. Үшеуі үш түрлі себеппен нәтиже бермеген.

Әкімдіктің бұл азаматтар алдындағы қарызы 13 миллион теңге. Бірақ бұл берешектің өтелер уақыты әзірге белгісіз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу