Түркістанда бұршақ жауып, шаруалар шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда бұршақ жауып, шаруалар шығынға батты

20.05.2020

Түркістан шаруаларын тағы бір қырсық шыр айналдырды. Жетісай ауданында егістігін бұршақ жайпап кеткен диқандар миллиондап шығынға бататын түрі бар. Өйткені ерте көктемде қарызданып-қауғаланып жүріп жеріне дән сеуіп еді, желмен ұшты. Диқандардың денінде жерін қайта айдатып, екінші рет егін егуге ақшасы жоқ. Ал табиғат құбылысынан келген залал үшін өтемақы да ала алмай отыр.

Бұршақ Қостақыр ауылындағы 175 гектар жердің егістігін жайпап кеткен. Табиғаттың тосын мінезінен 11 шаруашылық жапа шекті. Әр үйдің бақшасындағы жеміс ағаштарының да гүлі мен түйіні төгіліп қалды.

Жергілікті биліктің бұл сөзі диқандардың көңілін көншітпей тұр. Жұрт мақта шитін дайындайтын зауыттарға барғанымен тұқым ала алмаған. Мақта егу науқанынан кеш қалғандарын айтып, құр қол қайтарған. Минералды тыңайтқыш та әлі беріле қоймаған. Диқандар тым болмағанда дәрумен болар тыңайтқыш тездетіп қолға тисе, бұршақтан аман қалған азын аулақ бау-бақшаны жетілдіріп өсіріп алуға болатынын айтып отыр.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу