Атаулы күн 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Мерекеге орай 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілді.
Халықаралық музейлер кеңесін (International Council of Museums - қысқаша ICOM ) дүниежүзінің музей ісі мамандары 1946 жылы құрған болатын. Ұйымның мақсаты – табиғи және мәдени жәдігерлерді сақтай отырып, өткен мен келешекті байланыстыру, халықтар арасында өткен заманның мұраларын танымал ету.
Пандемияға байланысты биыл елімізде «Музей түні» шарасы онлайн форматта өткізіледі. Шара 17:00-21:00 аралығында ұйымдастырылады.
Жалпы, «Музей түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде 5 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2015 жылғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамырда Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. 2017 жылы бұл акция 2 рет өтті.