Енді құжаттарға QR-кодпен қол қоюға болады

14.05.2020

Egov.kz сайты арқылы құжаттарға электронды қолтаңбасыз QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады. Ол үшін eGov mobile қосымшасын көшіріп алсаңыз жеткілікті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Қызметтің жаңа түрі маусым айынан бастап іске қосылады. Нәтижесінде бұрынғыдай электронды цифрлық қолтаңбаны сақтау қажет болмайды. Тиісті құжаттарға смартфон арқылы қол қоюға мүмкіндік туады. Қазір, eGov mobile қосымшасында қызметтің 60-тан астам түрі ұсынылған.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу