Жазушы Рахметолла Райымқұловтың тұтас әдеби мұрасы цифрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Рахметолла Райымқұловтың тұтас әдеби мұрасы цифрланды

11.05.2023

Көрнекті жазушы, драматург Рахметолла Райымқұловтың тұтас әдеби мұрасы цифрланды. Енді қаламгердің роман, хикаят, әңгіме-повестерін, тіпті жарық көрмеген шығармаларын QR код арқылы оқи аласыз. Бүгін майдангер жазушының туғанына 110 жыл толуына орай Алматыда ауқымды шара өтті. Басқосуға Қазақстан мен Өзбекстанның ақын-жазушылары, ғалымдар қатысты. Жиында қоғам қайраткерінің мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Үздіктерге ақшалай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жазушының бірнеше кітабы таныстырылды.

Ақтоты Райымқұлова, қаламгердің қызы:

Егер көбірек адамдар әкем Рахметолла Райымқұловтың кітаптарын оқыса өте жақсы болар еді. Біз бүгін кітаптарды шығарумен бірге цифрлық деңгейде QR-кодпен бүкіл шығармаларын цифрландырып, оқырмандарға әкелдік.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу