Х әрпіне ұқсас галактиканың жұмбағы шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Х әрпіне ұқсас галактиканың жұмбағы шешілді

14.05.2020
Х әрпіне ұқсас галактиканың жұмбағы шешілді

АҚШ пен ОАР астрономдары Х әрпіне ұқсас PKS 2014-55 галактикасының толық суретіне қол жеткізді. Осылайша бұл объекттің ерекше құрылысының мәнін анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, галактика қара кұрдымнан шығатын жоғары энергетикалық электрондар ағынын құрайтын екі күлтеден тұрады. Мұндағы электрондар ағыны жарықтың жылдамдығындай қозғалыста болып, қоршаған ортамен араласқан соң иіле бастайды. 

Алайда мамандар төрт ағынның болуын үш болжаммен түсіндірді. «Біріншісі, галактика ортасында екі қара құрдым болуы мүмкін немесе екіншісі, қара құрдымның өз осінен айналу бағыты өзгеруі мүмкін. Ал үшіншісі, электрондар ағынында қара құрдымға тартылатын және одан тебілетін бөлшектер болуы ықтимал.

Жалпы, PKS 2014-55 галактикасы Жерден 800 млн жарық жыл қашықтықта орналасқан.

lenta.ru

Хабарламаларға жазылу