«Жібек сезім» әнінің «әттеген-ай» деген тұстары болды – Медет Салықов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жібек сезім» әнінің «әттеген-ай» деген тұстары болды – Медет Салықов

22.09.2014
«Жібек сезім» әнінің «әттеген-ай» деген тұстары болды – Медет Салықов

«Жібек сезім» әні қалай туды? Клара Төленбаеваның орындауында тыңдаушысын тапқан дәл осы ән композитор Медет Салықовтың шығармашылық қолтаңбасын айқындап тұрғандай. Қазақ радиосының әуе толқынында «Жібек сезім» әнінің тарихы баяндалды.

Әннің әуелі әуені дүниеге келген екен. Ақын Қалқаман Сарин әнді алты айдай тыңдап жүрген. Алайда, әннің сөзі жарты сағатта жазылған.

«Өзінен-өзі құйылғандай болды. Кейін өзгерткім келді, бірақ бір әрпіне де өзгеріс енгізе алмадым», - дейді Қалқаман Сарин Қазақ радиосына берген сұхбатында.

Ал, композитор Медет Салықов: «Қазақы иірімі бар ән жазғым келді. Көп уақыт ақылдасып, бұл әнді жарыққа шығардық. Кейбір «әттеген-ай» деген тұсы да болды. Қалқаман Сарин «Жанымнан жырақ кеттің, Жылытып жат кұшағын», деген өлең жолдарын «Жанымнан жырақ кетпе» деп өзгертпекші болды. Бірақ, сол кезде әнге бейнебаян түсіріп үлгерген едік. Тыңдармандар осы сөзден астар іздейді», - дейді.

Хабарламаларға жазылу