Электронды қазақша әліппе жақын арада бүлдіршіндерге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды қазақша әліппе жақын арада бүлдіршіндерге жол тартады

13.01.2015
Электронды қазақша әліппе жақын арада бүлдіршіндерге жол тартады

Қазақ тілін кішкентай балалар оңай меңгеру үшін әліппе мағыналы мәтін, көркем сурет, әуезді ән ретінде жасалған. Оның суретін Аңсаған Мұстафа салып, сөзін Мадина Дүйсекова жазса, әнін Сара Найман жазуда. Ал, Тимур Бектұр оның телефон, планшет, компьютерге арналған қосымшасын жасайды.

«Кішкентай бүлдіршіндерге электронды әліппе жасау ойы кенет келді. Басқа тілде жасалған әліппені көріп, қазақша неге жоқ деп ойладым. Кейін әліппенің әр әрпіне балалар тіліне бейімдеп шағын өлең мен сөз жаздым. Ол әлеуметтік желіде де, қоғам тарапынан да қолдау тапты», - дейді Мадина Дүйсекова.

«Әлеуметтік желіде әңгіме-дүкен ретінде талқыланған бастама жақын арада бүлдіршіндерге жол тартады», - деп қостады Аңсаған Мұстафа.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу