630 кәсіпкер бизнесін заңдастырды
«1000 орын – көше саудасы» жобасы аясында 630 кәсіпкер өз бизнесін заңдастырып алды. Мұндай мәліметті «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы беріп отыр. 3 жыл бұрын жүзеге аса бастаған жобаның арқасында мыңдаған кәсіпкер күн көріп жүр. Биыл байқауға 1200-ден астам кәсіпкер қатысқан екен. Көбіне-көп мұндай дүңгіршектерде гүл, жеміс-жидек пен азық-түлік, фаст-фуд сатылады.
Аталмыш жоба жергілікті биліктің көмегімен отбасылық бизнес құруға мүмкіндік береді. Дегенмен, жобаның олқылықтары да жоқ емес. Түзеп-күзейтін жерлері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жиында талқыланды. Басты наразылық бұған дейін тегін берілген дүңгіршектердің қазір неліктен ақылы болуына байланысты туындаған екен. Ал, «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұл сауалға былай деп жауап берді:
Нұрлан Жақыпов, «Astana» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасы:
- «1000 орын» бағдарламасы бойынша тариф бекітілген. Оған сәйкес 1 шаршы метр үшін жылына 20 мың теңге төлеу керек. Яғни, осы жоба бойынша кәсіпкер аумағы 10 шаршы метр болатын дүңгіршек орнатса, жылына 200 мың теңге төлейді. Ай сайын шамамен 18 мың теңге. Мәселен, кәсіпкер гүл сатып, аптасына 200-300 мың теңге, ал айына 1 миллион теңге пайда көрсе, ай сайын 18 мың теңге төлеу үлкен шығын деп ойламаймын. Қайта біз олардың бизнесі көркеюіне тамаша мүмкіндік беріп отырмыз.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
