Аймақтағы омарташылардың мәселесі әлі де шешімін таппады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтағы омарташылардың мәселесі әлі де шешімін таппады

29.04.2020

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған омарташылардың мәселесі әлі де толық шешімін таппай отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының араласуынан кейін бал араларын табиғат аясына шығаруға рұқсат алғанымен, өзге өңірлердің аумағына өту қиындық туғызуда. Сондай-ақ аралардың тұқымын көбейтіп, оны сату ісімен айналысатындар да жылдағы табыстарынан қағылған.

Көктем-аралардың тұқым салып, көбейетін кезі. Осы кезеңде артығын бөліп алып, сатып жібермесе омартаға сыймай айдалаға ұшып кетеді. Тағы бір қиындық, карантин талабы омарташыларға ен далада еркін жүруге рұқсат бергенімен, қала ішіне аттап бастырмайды. Ал омарташылар аптасына 1-2 рет керек -жарағы үшін шаһарға қайта келуге мәжбүр.

Түстіктің омарташылары жыл сайын еліміздің ішкі нарығындағы сұранысты өтеумен бірге Ресейге 100 тоннаға дейін бал экспорттап келген. Биылғы қиындықтан, өнім көлемі мұнан анағұрлым азайғалы отыр.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу