Карантин кезіндегі күшейтілген режимге қарамастан, тәртіп бұзу тыйылмай тұр.
Қарағандыда бетперде киген әйел мен оның серігі сауда орындарының бірін тонаған. Олар дүкеннің темір есігін бұзып кіріп, небәрі 30 секунд ішінде касса жәшігін алып кеткен. Ұрылар іздестіріліп жатыр.
1,5 тонна балық аулаған браконьер де ұсталды.
Шығыста, Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының тұрғыны карантинге қарамай ас берген. Кейін жиында болған қонақтардың бірінен коронавирус анықталған.
Ал Павлодар тұрғыны балконда кәуап пісірген. Ол өзінің әрекетін ұялы телефонымен түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Қауіпсіздік ережесін бұзған азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Екібастұзда карантинге жабылған үйдің тұрғындары подъезге жөндеу жұмыстарын жүргізген.
Ал кешірім сұрап тұрған екібастұздық азамат карантинге жабылған үйден қашпақ болған. Ол терезеден секіріп, сыртқа шыққанда ұсталған. Сондай-ақ, қаладағы оқшауланған үйлердің бірінде тұратын ерлі-зайыптылар, кәмелеттік жасқа толмаған қызын ертіп шатыр арқылы жылыстамақ болғанда тәртіп сақшыларының қолына түскен.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ