Дерт аймақтарда дендеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дерт аймақтарда дендеп барады

23.04.2020

Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында тағы 14 адамнан «COVID-19» инфекциясы табылса, олардың 13-і - Ресейден келгендер. Көпшілігі көрші елде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ішінде біреуі студент. Жалпы өңірде коронавирус жұқтырғандардың 90 пайыздан астамы сырттан келген азаматтар болып отыр.  

Ақтауда науқастар қатарына бүгін тағы бір адам қосылды. Жалпы қазір өңірде 400 ден астам адам карантиндік бақылауда. Ал Солтүстік Қазақстан облысында індет жұқтыру қаупі жоғары 37 мың адамды тексеру үшін қажетті материалдар тапшы, зертхана жетіспейді. Бүгінге дейін тек 2 мың 363 адам ғана скринингтік тексерістен өткен.

Қостанайда жергілікті кәсіпкерлер тәртіп сақшыларына 50 жұп бір реттік қорғаныш киімдерін таратты. Бүгінде облыс аумағындағы бекеттерді 135 полиция қызметкері күзетуде.

Шымкенттебір тәулікте 30 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы өздеріне дейін вирус жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. Осылайша өңірде коронавирусқа шалдыққандар саны 133-ке жетті.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу