Әлемде коронавирустан 2,5 миллиондай адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирустан 2,5 миллиондай адам қайтыс болды

23.02.2021

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Бұл – әлем бойынша індеттен көз жұмғандардың шамамен 20 пайызы. Осыған орай мемлекет басшысы Джо Байденнің қатысуымен құрбандарды еске алу рәсімі өтті. 5 күн бойы ел аумағында байрақтар төмен түсіріледі.

Джо Байден, АҚШ президенті:
Бүгін қаралы күн. Пандемиядан бір жыл ішінде 500 мыңдай адам қайтыс болды. Бұл – І Дүниежүзілік, ІІ Дүниежүзілік соғыс пен Вьетнамдағы майданды қоса алғандағы құрбан болған америкалықтар санынан да көп. Біз оларды мәңгіге есте сақтаймыз.

Ұлыбританияда вакцинаның арқасында инфекция жұқтыру азайған. Ел билігі жазға қарай локдауннан толықтай шығуды жоспарлап отыр. Эпид ахуал ойдағыдай болса, наурыздың 8-нен бастап мектептер ашылып, ел 

Ал Францияның оңтүстік өңірлерінде оқшаулау режимі демалыс күндері де жалғасады. Тұрғындарға жұма мен дүйсенбі аралығында көшеге шығуға тыйым салынған. Бұған «британиялық» штамның өршуі себеп.

Мексикада вакцина алу үшін қарттар күн ыстықта ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Елге екпенің 1 миллионнан астам дозасы ғана жеткізілген. 126 миллиондай тұрғыны бар мемлекет үшін бұл аз. Сондықтан халық екпе науқанының дұрыс жүргізілмей жатқанына шағымданып жатыр.

Жансая Қапасқызы

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу