Әлемде пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді

16.11.2020

Еуропа елдерінде пандемияның екінші толқыны күшйегендіктен, шектеу және әлеуметтік алшақтық шаралары қатаңдатылып жатыр. Әсіресе, Франциядағы жағдай қиын. Мұнда коронавирус жұқтырғандар 2 миллионға жуықтап қалды. Және де күніне ондаған мың адамнан ковид табылып жатыр. Бүгінде Италия, Австрия, Ресей, Германия, Испания сияқты елдерде де эпидемия өрши түскен. 

Ал АҚШ-та қауіпті инфекцияны жұқтырғандар 11 миллионнан асып, корнавирустан күніне шамамен мың адам қайтыс болады. Осыған байланысты Вашингтонда, Мичиганда және тағы басқа штаттарда мектептер мен колледждерде оқу шектеліп, театрлар, спортзалдар, мұражайлар жабылып жатыр. Айта кетсек, Америкада Covid-19-дан 250 мыңға жуық адам жан тәсілім етті. 

Халықаралық Олимпиада комитеті болса, келесі жылы Токио Ойындарына көрмендердің қатысатынына сенім білдірді. Комитет басшысы Томас Бах фанаттардың Жапония астанасына барарда вакцинацияланатын мәлімдеді. Қазір сол Олимпиаданы қалай өткізу мәселесі талқыланып жатыр. Оған 2021 жылы шілдеде дүниенің 200-дей елінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу