Түркістан облысы мен Шымкент қаласының омарташылары карантиндік режимге байланысты бал араларын сыртқа апарып жая алмай отыр. Ағаштар бүршік атып, гүл аша бастаған тұста жәндіктер қорадан әрі ұзап ұша алмай жүр. Жылға азық болар көктемнің шуақты кезеңінен кеш қалған омарташылар биыл миллиондап шығынға бататын болдық деп алаңдаулы.
Өңірдегі омарташылар қауымдастығы құрамында 400-ге тарта шаруашылық бар. Олардың арыз-шағымынан кейін Ауыл шаруашылығы министрілігі жуырда омарташыларға тек ауыр жүк көліктерімен жүруге ғана рұқсат берді. Шаруалар енді осы рұсқсатнаманың бірегей базасы жасақталса дейді. Әрі жеңіл көліктің де қозғалысын шектемеуді сұрайды. Өйткені әр омарташының 3-4 көмекшісі бар.
Жергілікті билік аграрлық салаға арналған «Қолдау» электронды қолданбасы арқылы омарташылар мәселесін шешуге тырысып жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАН