Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында вирус жұқтырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында вирус жұқтырғандар көбейді

21.04.2020

Ақмола облысында екі жасар бала коронавирус індетінен жазылып шықты. Шортанды ауданында тұратын балдырған Нұр-Сұлтан қаласында ем қабылдаған. Ал Ақтау қаласында жүкті әйелден коронавирус анықталды. Оның отбасы оқшауланып, тұрып жатқан үйінің кіреберісі карантинге жабылды. Ал бір тәулік ішінде Алматы облысында ауыл мен тұтас қала карантинге жабылды.

Алматы облысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус жұқтырғандар көп. Науқастар саны 30-ға жуықтады. Жалпы Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 53-ке жетті. Сондай-ақ өткен тәулікте БҚО-да індет жұқтырған тағы 5 адам анықталды.

Ал теріскейде 7 науқас коронавирус індетінен жазылып шықты. Осылайша, облыста ауруды жеңген пациенттердің саны 25-ке жетті.

Павлодар мен Екібастұз қаласында вирус ошағы деп танылған көп қабатты 13 үйдің кіреберіс есіктеріне жаппа салынып, бекітілді. Аймақта қазіргі уақытта короновирусқа шалдыққан 33 адам анықталды. 3 бала бар.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу