Елордада бүгінен бастап құрылыс нысандарының жұмысы жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бүгінен бастап құрылыс нысандарының жұмысы жанданды

20.04.2020

Бүгіннен бастап елордада құрылыстың да тамырына қан жүгірді. Бекітілген қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмысы жанданды. Солардың бірі — «Есіл Риверсайд» тұрғын-үй кешені. Алайда құрылыс басына әдеттегідей 220 адам емес, 140 құрылысшы ғана шықты. Ал құрылыс нысанына кіре берісте жұмысшылардың денсаулығы тексеріліп, қызуы өлшенеді.

Жұмысшыларды топтастырмау мақсатында әрбір жұмыс алаңына 2-3 адам ғана бекітілген. Барлық әкімшілік және тұрмыстық бөлемелердің ішінде күніне екі рет дезинфекция жүргізіледі. Құрылыс басында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланады.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу