Еліміздегі бірқатар кәсіпорындар жұмыс қарқынын арттыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі бірқатар кәсіпорындар жұмыс қарқынын арттыруда

28.04.2020

Еліміздегі көптеген өндіріс орындары, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының тамырына қан жүгірді. Әсіресе, ірі кәсіпорындар жұмысын жандандырып, қалыпты жағдайға оралып жатыр. Тіпті кейбір зауыт, фабрикалар жұмыс қарқынын үдетіп, биылға жоспарлаған өндіріс көлемін қуып жетуге бел буып отыр.

Еліміздегі аккумулятор шығаратын жалғыз зауыт жұмысын санитарлық талаптарды күшейте отырып бастады. Кәсіпорын жұмысшыларды өзі тасымалдайды. Зауытқа келген әр азаматтың дене қызуы тексеріледі. Өндіріс аумағы күніне бірнеше рет дезинфекцияланады. Бұл жерде үш ауысыммен 700-ден аса адам еңбек етеді. Ал тәулігіне 10 мың дана аккумулятор шығарылады. Кәсіпорын тоқтап тұрғандағы күндердің орнын толтырып, жылдық жоспарымызды орындаймыз деп отыр.

Карантин талаптары жеңілдетілген Қарағанды облысында да бірқатар ұйымдар мен кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жанданды.

Бір айға жуық карантин режимінде болған теріскейде де бүгіннен бастап кей мекемелердің қалыпты жұмыс тәртібіне көшті. Азық-түлік дүкендері таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істейтін болды. Адвокат кеңселері мен көлік жөндейтін орталықтар да қызметіне кірісті. Ал жол жөндейтін компаниялар болса, таңертеңнен бастап іске кірісті.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу