Елордада карантин тәртібі жеңілдетіліп, тұрғындар жұмысқа шыға бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада карантин тәртібі жеңілдетіліп, тұрғындар жұмысқа шыға бастады

04.05.2020

Бүгінен бастап Елордада карантин талаптары жеңілдетілді. Жеке ғимаратта орналасқан, не жеке кіреберісі бар бірқатар шағын және орта бизнес субъектілері қара құлпын қайта ашты. Тізімге іліккендер: фотосалондар, сақтандыру компаниялары, ақша айырбастау пунктері сынды қызмет көрсететін мекемелер.

Індет өшудің орнына өрекпіп тұр. Сондықтан адамдарға арқаны кеңге салып, босаңсуға болмайды. Осы орайда, қызметіне кіріскен мекемелерде қауіпсіздікке ден қойып, санитарлық талапты тәртіпке сай сақтауын атқарушы билік қатаң қадағалайды.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу