Елордада балабақшалар жұмыс істей бастады

01.06.2020

Елордада балабақшалар штаттық режимде жұмыс істей бастады. Мектепке дейінгі ұйымдарда бұған дейін кезекші топтар ашылған еді. Бірінші кезекте жұмыс істейтін ата-аналардың балалары қабылдаған еді. Бүгін балабақшаға келген бүлдіршіндердің саны едәуір артқан.

Сондай-ақ бүгіннен бастап елордада спорт нысандары мен спа салондары ашылды. Косметологиялық қызметтердің қалған түрлеріне де рұқсат етілді. Ұлттық зерттеу институттары мен балабақшалардың жұмысы штаттық режимде қайта жанданды. Фитнес орталықтар да жұмысын бастады. Халық ашылуын көп күтикен фитнес орталықтарға арнайы талап қойылған. Залға 25 адамнан артық кісі қабылданбайды. Оларға спортпен шұғылдануға бір жарым сағат қана уақыт беріледі.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу