Елордада қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданды

03.08.2020

Бүгін Елордада қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданды. Қала ішінде барлық бағыт бойынша 600 -дей автобус жолға шықты.

Жұмысқа бірнеше күн бойы таксимен қатынаған Елордалықтар бүгін автобусқа ағылды. Аялдамаларда адам қарасы қалың. Бірақ, қоғамдық көлікке мінемін деушілерге бірнеше талап бар. Адамдар автобустың алдыңғы есігінен ғана кіруі тиіс. Жол ақысын онлайн төлеуі керек. Ең басты міндет – маска тағу.


Хабарламаларға жазылу