Карантин режимі жеңілдетілді: Елордадағы 5 мыңнан астам кәсіпорын жұмысын қайта бастады

17.08.2020

Айдан астам уақытқа созылған карантиннен кейін сауда орталықтары мен кəсіпорындар жұмысы қайта жанданды. Елордада қызметіне рұқсат етілген 9 мың бизнестің 60 пайызы ғана бірінші күні жұмысын бастады. 

Карантиннен шыққан кəсіпорындар қызметіне рұқсатты www.infokazakhstan.kz порталы арқылы алады. Бизнестің 90 пайызына хаттама электронды түрде берілмек. Оны алған кəсіпорын қағазға басып, кіреберіске ілуі шарт.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу