Канадада полицейдің киімін киген белгісіз біреу 16 адамды атып өлтірді

20.04.2020
Канадада полицейдің киімін киген белгісіз біреу 16 адамды атып өлтірді

Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы атыстан кем дегенде 16 адам көз жұмды. Қайтыс болғандар арасында полиция қызметкері де бар.

Қылмыскер қолға түсіру кезінде өлтірілді. Ол тәртіп сақшыларының формасын киіп, полиция көлігіне ұқсас автокөлікпен жүрген.

Алғашқы шабуыл сенбі күні Портапик қаласында басталған. Күдікті бірнеше елді мекенді аралап жүріп, бейбіт адамдарға шабуыл жасаған. Тәртіп сақшылары 12 сағат бойы оны тоқтатуға тырысқан. 

«Тұрғындарға оқ атқан 51 жастағы Гэбриел Уортман болуы мүмкін», - дейді полицейлер.

Канада полициясының басшысы Бренда Лукидің айтуынша, әзірге бұл әрекет теракт ретінде қаралмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу