АҚШ-та ер адам ауруханаға оқ жаудырып, өзін және 4 тұрғынды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ер адам ауруханаға оқ жаудырып, өзін және 4 тұрғынды мерт қылды

02.06.2022

АҚШ-тың Оклахома штатының Талса қаласында ер адам аурухана ауласына оқ жаудырып, 4 адамды және өзін мерт қылды. Полицияның дерегінше, шабуылшы тапаншамен, ұзын винтовкамен қаруланған. Атқыш аурухананың екінші қабатынан табылды.

Тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қылмысқа барғанын әзірге жариялаған жоқ. Сонымен қатар оның аты-жөні де әзірге белгісіз.

Осыдан он шақты күн бұрын Американың Техас штатында жеті-он жас аралығындағы балалар оқитын «Робб» мектебіне жасалған шабуылдан 19 оқушы мен екі мұғалім қаза тапты. Білім мекемесін қанға бөктірген 18-жасар Сальвадор Рамосты полицейлер сол жерде атып өлтірді.

Ал мамырдың басында Нью-Йорк штатының Буффало қаласында дәл осындай оқиға кезінде 10 адам жан тәсілім етіп, бір күдікті қамауға алынған еді.


Хабарламаларға жазылу