Канадада мектеп оқушысы 4 адамды атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада мектеп оқушысы 4 адамды атып өлтірді

23.01.2016
Канадада мектеп оқушысы 4 адамды атып өлтірді
Жасөспірім алдымен үйінде екі бауырын атып салған.

Канаданың Саскачеван провинциясындағы Ла Лош ауылында қайғылы оқиға болды. Мұнда жоғары сынып оқушысы 4 адамды атып өлтірді. Жасөспірім алдымен үйінде екі бауырын атып салған.

Кейін, мектепте тағы екі адамды мерт қылған. Қайтыс болғандардың арасында Ла Лош мэрінің осы мектепте мұғалім болып істейтін 23 жастағы қызы бар. Тағы бірнеше адам жараланған. Олар ауруханада жатыр. Әзірге, оқушының неліктен мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу