АҚШ-та түнгі клубтағы атыстан қаза тапқандар саны 50-ге жетті

13.06.2016
АҚШ-та түнгі клубтағы атыстан қаза тапқандар саны 50-ге жетті

АҚШ-тың Орландо қаласында түнгі клубта атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті. Ал 53 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, қазір олар аурухаға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік,  Орландодағы түнгі клубта атыс болған. Қаскөйдің 29 жастағы Омар Матин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды. Оның отбасы Ауғанстаннан көшіп келіпті. Ол бейберекет оқ атып, бірнеше адамды кепілдікке алған. Полиция 3 сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді. Билік бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалаған. Бірақ жергілікті сипаттағы немесе халықаралық деңгейдегі экстремизм екені әзірге белгісіз. Тергеуі ісіне АҚШ-тың Федералды барлау бюросы да қосылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Хабарламаларға жазылу