Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында белгілі болды. Қаржы орталығын құру туралы бастама 2015 жылы көтерілген болатын. Аз уақыттың ішінде тиісті заңдар қабылданып, арбитраждық орталық іске кірісті. Сонымен қатар, биржа құру бойынша нақты шаралар атқарылды. Енді арнайы бағдарлама арқылы Нью-Йорк, Шанхай сынды әлемдік қаржы орталықтарымен байланыста жұмыс жасалады. Осындай артықшылықтарды бағалай білген Шығыс Азия елдерінің 13 компаниясы қазірдің өзінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының тіркеуінен өткен. Тағы 30 өтініш түскен. Жыл соңына дейін олардың қатары 100, алдағы үш жылда 500-ге жетеді деп болжанып отыр.
Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
- Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2004 жылы Дубай орталығы құрылғанда онда 40 компания болды. Бүгінде олардың қатары екі мыңның үстінде. Осыған қарағанда, біздің аяқ алысымыз айтарлықтай жақсы.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.