Шымкентте тұрмысы төмен отбасы балалары үшін компьютерлер алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тұрмысы төмен отбасы балалары үшін компьютерлер алынады

16.04.2020

Шымкентте заңсыз тендерлерден үнемделген қаржыға тұрмысы нашар 2 мың отбасының балалары үшін компьютер сатып әперілетін болды. Бір ғана білім басқармасындағы мемлекеттік сатып алу конкурстарын тексеру барысында қазынаның 361 миллион теңгесі жемқорлардың қолынан жырып алынды. Олар биылғы жылы мектептерге 7 мыңнан аса компьютер сатып алу үшін қазынадан 1,7 миллиард теңге бөлдірген. Сөйтіп әр компьютердің бағасын нарықтағыдан 20 пайызға қымбат етіп көрсеткен. Сондай-ақ табиғат ресурстары басқармасына қарасты Дендросаябақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мекемесі де өздеріне керекті заттарды қымбат бағаға сатып алуға тырысқан. Мұндай сорақылық, қала қазынасының иесі саналатын экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында да орын алған. Олар қызмет бабын пайдаланып, 6,3 миллион теңгеге қымбат планшеттер мен смартфондар сатып алмақ болған.   

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу