Президент форумның ең беделді қонақтарын арнайы қабылдады
Жекелеген жүздесулерден кейін Президент форумның ең беделді қонақтарын арнайы қабылдады. Емен-жарқын әңгіме құрды. Арасында Нобель сыйлығының лауреаттары Раджендра Пачаури, Квон Чунг, Эстонияның экс-президенті Тоомас Ильвес, Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілі Алан Вольф, еуропалық банктің вице-президенті Юрген Ригтеринк бар. Сарабдал сарапшылар әлемдік мәселелер бойынша өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Соңғы кездері жаһан сөз қылып жүрген «жасыл» экономика тақырыбына тоқталды.
Раджендра Пачаури, Нобель сыйлығының лауреаты (Үндістан):
- Климаттың өзгеруіне адамзат баласының тікелей ықпал ететінін жоққа шығара алмаймыз. Сол үшін жаңаратын энергетика саласына неғұрлым ертерек қадам бассақ, соғұрлым жақсы болады. Сіз «ЭКСПО» көрмесіне «Болашақтың энергиясы» деген атау беріп, бүгінгі күннің өзекті мәселесін дөп бастыңыз. Көрме аяқталса да, бұл тақырып әлемнің өзгеруі жолында қызмет ете беретін болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Еуропада Давос форумы, Тынық мұхиты жағалауында Боао Азия форумы, ал, бізде Астана экономикалық форумы бар. Бұл жиындардың мақсаты ортақ. Тығырықтан жол табу. Біз әлемдік деңгейдегі осындай форумдармен тығыз байланыс орнатып, мемлекет пен халықтың игілігі үшін қызмет ете беретін боламыз. Бұл алға жылжуға, өзара түсіністік орнатуға септігін тигізеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы