«АЭФ-2018-ге барамын» байқауы қорытындыланды
Ертең 11-ші Астана экономикалық форумы басталады. Бүгін айтулы шараға орай ұйымдастырылған «АЭФ-2018-ге барамын» байқауының қорытындысы белгілі болды. Шарты бойынша, әлеуметтік медиа пайдаланушылары өз аккаунттарында форумның ресми хэштегімен жаһандық жиынға не үшін барғысы келетіндігі туралы жазба немесе бейнеролик жариялады.
4-і мен 15-ші мамыр аралығында өткен сайысқа жалпы саны 100-ге жуық желі қолданушылары атсалысты. Олардың ішінен қазылар 5 жұмыстың авторын жеңімпаз танып, форумның ресми бейджігін сыйлады. Ол бойынша әр жеңімпаз өзі таңдаған тақырыптағы секция жұмысына қатысып, Астана экономикалық форумына келген атақты спикерлердің бірімен суретке түсе алады. Байқаудың мақсаты – берері мол басқосуды жастар арасында кеңінен насихаттау.
Әйгерім Серікжанова, байқау жеңімпазы:
- Егер барлық салаларда роботтар енгізілетін болса, адамдар немен айналысады? Егер адам өзін-өзі асырағысы келсе, қандай жұмыспен шұғылдануы керек немесе қазіргі күтіліп отырған өзгерістерде эмоционалды интеллект жеңе ме, әлде жасанды интеллект жеңе ме деген қарапайым сұрақтар туындады. Мен осы жайлы жазбамды жариялаған болатынмын. Ол инстаграмм парақшамда 500-ден астам, фейсбукте 125-тен астам лайк жинады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы