Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде форум аясында өтетін осы сессияға арналған баспасөз мәслихаты болды. Ұйымдастырушылар бастапқы сессияға артылған міндеттерді айтып берді. Жоспар бойынша бұл жиынға Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар, саясаттанушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдар қатыспақшы.
Сондай-ақ, сессия барысында интерактивті көрме өтеді. Онда Үкіметтік емес ұйымдар іске асырылған инновациялық жобаларды және азаматтық белсенділік аясындағы үздік тәжірибелерді ұсына алады. Жалпы, сессияда Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты түйткілдер, жаһандық маңызы бар мәселелердің түйіні шешіледі деп күтілуде.
Нұрлан Өтешев, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:
-Осы жұмысты қазірдің өзінде Үкіметтік емес ұйым атқарып жатқанның өзі де үлкен көрсеткіш деп білуге болады. Біз осы азаматтық қоғамды дамыту процестерінде өзіміздің үлесімізді қосу жағынан қазірден эксперттік, жалпы контенттік мәселелерге көп назар аударып жатырмыз.
Бақытжан ОМАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.