Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқартуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқартуға келісті

10.04.2020

ОПЕК пен оның Ресей бастаған одақтастары бейсенбі күні өздерінің мұнай өндірісінің бестен бірін қысқартуға келісті. Олар енді осындай қадамға Құрама Штаттар мен басқа да өндірушілер барады деп күтіп отыр.

Шикізат шығаруды шектеудегі мақсат – коронавирус дағдарысынан құлаған көмірсутегі бағасын қайта көтеру.

ОПЕК пен одақтастар бірлесіп, мұнай өндірісін тәулігіне 10 миллион баррельге азайтуға тиіс. Соңғы онжылдықтардағы ең терең энергетикалық дағдарысты еңсеру үшін АҚШ бастаған өзге экспортерлер тәуліктік өндірісті тағы 5 миллион баррельге кемітеді деген үміт бар.

Айта кетсек, вируспен күрес ұшақтарды қондырып, көлік қолдануды шектеп, экономикалық белсенділікті мейлінше азайтқандықтан, қазір әлемде отынға сұраныстың күндік көлемі 30 миллон баррельге немесе 30 пайызға төмендеп отыр.

Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдегендей, оның елінің компаниялары осыған дейін-ақ өндірісті қысқартып қойған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу