Астана экономикалық форумына 450 делегат тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана экономикалық форумына 450 делегат тіркелді

23.04.2018

11-ші рет өтетін Астана экономикалық форумына биыл БҰҰ экс-бас хатшысы Пан Ги Мун және Францияның экс-президенті  Франсуа Олланд қатысады. Бұл туралы бүгін халықаралық шараның ұйымдастырушылары айтты. 17-19 мамыр аралығында өтетін дәстүрлі экономикалық форум биыл ерекше форматта ұйымдастырылмақ. Онда экономикалық өсім мен ресурстық тұрақтылық, цифрландыру мен жаһандық қауіпсіздік секілді кешенді тақырыптар қозғалады. Шараға 24 мемлекеттен 450-ден астам делегат қатысады. Оның жартысына жуығы шетелдік қонақтар. Айта керу керек, шетелдік делегаттардың бір бөлігі өз қаржысына тегін келіп-кетсе, бір бөлігіне жол жүру шығыны мен жатын орынға ғана ақша төленеді. Сондай-ақ, кейбір қаламақы төлеу негізінде келетін форум қатысушылары да бар. Бұл шығындар демеушілер есебінен өтеледі.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:

 - Шетелдік қонақтарды осы үш топқа бөлсе болады. Қаламақы төленетін делегаттармен келіссөздерді демеушілердің өздері жүргізеді. Бұл ретте бюджет қаржысы шығындалмайды. Бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу