Шетелдік компания теңгемен есеп айырысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік компания теңгемен есеп айырысады

11.04.2018

Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын жұмысқа алды. Бүгінгі отырыстың басты сұрағы - валюталық реттеу туралы заң жобасы. Құжатты депутаттар қарап, бірінші оқылымда мақұлдады. Енді Ұлттық банктің теңдессіз өкілеттік беріліп, қадағалау құзыреті күшейтіледі. Құжат күшіне енсе, еліміздегі шетелдік компаниялар есеп айырысуды ұлттық валютада жүргізуге міндеттеледі. Бұл бастамалар ірі қаржылық операцияларға ғана қатысты. «Сондықтан, қарапайым жұртқа кесірі тимейді», - дейді мамандар. Заңның азаматтар үшін, бизнес үшін және экспорт, импортпен айланысатындар үшін маңызы зор. Сондықтан да, оны талқылау кезінде депутаттардың тарапынан қызығушылық жоғары болып, көптеген сұрақтар қойылды.

Серік Құсайынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президенттің биылғы Жолдауында нашар кредиттерден банктерді тазартудан бастап, банктердің экономикалық жауапкершілігін және акционерлердің капиталын шығарудың ауыр қылмысқа теңестіру сияқты шараларға дейін қаржы секторын қайта жүктеу туралы нақты тапсырмалар берілген. Осы заң жобасында көзделген шараларды Президенттің тапсырмасын орындау үшін барынша толық шаралар болып табыла ма?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Капиталды сыртқа әкетуге шектеу қою, банктегі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру, ақшаны елден шығаруды тоқтату секілді тапсырмалар осы заң жобасында қарастырылған. Яғни, Елбасы қойған міндеттерді осылайша орындауға дайынбыз.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу