Қашықтан оқытуға өңірлердегі ұстаздар мен оқушылар да қызу дайындалып жатыр. Мәселен, Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 3 мың ноутбук сатып алынбақ. Оған облыстық бюджеттен 480 миллион теңге бөлінді. Одан бөлек әр мектеп базасындағы компьютерлер де оқушыларға таратылады.
Шығыс Қазақстандағы мектептер ноутбук, компьютерлерді оқушыларға уақытша пайдалануға беріп жатыр. Мұндай техникалық көмекке 10 мыңнан астам оқушыға мұқтаж. Облыстық білім басқармасы балалардың барлығын қамтуға мүмкіндік бар. Бірақ ауылдағыларға түгел жетпейтінін айтып отыр. Көп ауылда интернеттің болмауы да онлайн оқуға кедергі.
Облыста 151 мыңға жуық оқушы бар. Бала саны 80-ге жетпейтін білім беру мекемелерінде сабақ дәстүрлі түрде жүргізіледі. Ал, «Ел арна», «Балапан» арналары көрсетілмейтін Ресеймен шекаралас аудандарға «Отау тв» спутниктік телеарна қабылдағыштарын орнату көзделген.
Жақсыбек КЕМАЛ