Мемлекет басшысының мәлімдемесіне қатысты зиялы қауым өкілдері де үн қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне қатысты зиялы қауым өкілдері де үн қосты

01.04.2020

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне ұлт зиялылары да үн қосты.Қоғам қайраткерлері үкімет тарапынан азаматтарға жасалған көмек түріне қолдау танытып отыр. Сын сағатта сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмай, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, үйде отыруға кеңес берді.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлы қазіргі кезде тек қана қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем адамзат баласы қиын жағдайды бастан кешіріп жатқанда мемлекеттің өз азаматтарын қолдап, осындай үлкен қомақты қаражатты бөлуі бұл үлкен демеу екенін айтты. Ал ақын Оңайгүл Тұржан халықтың мемлекетке деген көмегі, ол- үйде отыру, яғни тәртіпке бағыну екенін баса айтты.

Сыншы Көпен Әмірбек былай деп пікір білдірді: «Осындай кезеңде біз ынтымақ пен бірлікті пана тұтып, біреуін ата, біреуін ана тұтып тәртіпке көшуіміз керек. Неге? Өйткені, Баукеңнің сөзі бар, Бауыржан Момышұлының сөзі бар: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді. Біз осы тәртіпке бағынып, сақта дегенін сақтап отырсақ індеттің жойылуы өзімізге байланысты».

Назым ҚАЙРАТ


Хабарламаларға жазылу