Данияр Ақышев: Теңге нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Ақышев: Теңге нығайып келеді

25.01.2018

Оған әлемдік нарықта мұнай бағасының қымбаттауы себеп. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты. Оның сөзінше, ұлттық валютаның нығаюына әлемдік валюталық сауда нарығындағы жағдай  және теңгені еркін айналымға жіберу саясаты ықпал еткен. Жалпы, елдің экономикасы шикізат нарығына тәуелді. Сондықтан, «қара алтын» бағасының қымбаттауы теңгенің нығаюына негіз болып отыр. Бірақ, экономиканы диверсификациялау, Елбасының Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру туралы тапсырмасы Қазақстанның қаржы нарығын түбегейлі өзгертуі тиіс. Аталған орталық толық жұмысқа кіріскен кезде, оған әлемнің ірі қаржы мекемелері инвестиция құяды деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде бұл кешенді шаралардың барлығы еліміз экономикасының дамуына жол ашады.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу