Мамандар АҚШ долларының неге арзандағанын түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар АҚШ долларының неге арзандағанын түсіндірді

19.01.2018

Соңғы күндері нарықта АҚШ валютасы арзандап келеді. Бүгін айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары орташа есеппен 324 теңге 50 тиыннан сатып алынып, 325 теңге 50 тиынға сатылды. 

Осыған байланысты Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан қор биржасының» басшылығы мәлімдеме жасады. Сарапшылардың сөзінше, бұған мұнай бағасының өсуі әсер еткен. Екіншіден, ақша нарығы дәстүрлі түрде базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қатысты. Алайда, теңге профициті - ұлттық валютаның нығаюына ықпал еткен. 

Алина Алдамберген,  «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрайымы:

- Біз бүгін дәстүрлі түрде 2017 жылды қорытындыладық. Былтыр көптеген жетістіктерге жетіп, зор табысқа кенелдік. Ал, биыл елдегі биржаның көрсеткіші жақсы. Валюта нарығында өзгеріс көп болмақ. Сауда көлемі де артады деп сенеміз.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу