Елімізде кәсіпкерлікке тексеріс азаймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпкерлікке тексеріс азаймақ

16.01.2018

Қазақстан «Doeing Business» рейтингісінде 190 елдің арасында 36-орынға ие болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 позицияға төмен. Осы рейтингтің алғашқы ондығына кіру туралы Елбасының тапсырмасы да бар. Сондықтан, бүгін Мәжілісте кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды. Оған сәйкес, еліміздегі мемлекеттік органдар көптеген қадағалау мен тексеру қызметінен шеттетіледі. Жалпы, 13 кодекс пен 100 заңға шамамен мыңға жуық түзету енгізіліп отыр. Құжатқа сәйкес, тексеріс мерзімін 30-дан 15 жұмыс күніне, ал, жоспардан тыс тексерулерді 10 күнге дейін қысқарту көзделіп отыр. Қадағалау мен тексерудің жүйесі тұжырымдамалы түрде өзгереді. 

Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жалпы, осы заң 30 пайызға бақылау, қадағалау функцияларын төмендетеді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу