Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішкі жалпы өнімі 2 пайызға артуы мүмкін. Тұтастай алғандай 2017 жыл, одақ құрамындағы елдерге оң өзгерістер әкелді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшелері баяндады. Мамандардың айтуынша, одақ құрамындағы барлық мемлекеттерде осы жылы макроэкономикалық тұрақтылық байқалды. Әрі тараптар, өзара сауда-саттықта ұлттық валюталарын көбірек қолдана бастады. Енді одақ елдері үшін келер жылы – цифрлы экономиканы дамытып, еуразиялық брендтерді қалыптастыру және үшінші елдермен алыс-берісті арттыру міндеттері тұр. Жалпы, осы 1 жылдың ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ мәселелерін шешіп, ынтымақтастықты жандандыру үшін, Президенттер 3 рет кездессе, Үкімет басшылары 4 мәрте, ал, вице-премьерлер деңгейінде 12 отырыс өтті.
Татьяна Валовая, Еуразиялық экономикалық комиссияның макроэкономика және интеграцияның негізгі бағыттары жөніндегі министрі:
- Биылғы жылы елдеріміз арасындағы өзара сауданың көлемі артты. Мысалы, алғашқы 7 айдың өзінде оның мөлшері 27 пайызға көбейді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік өндіріс те осы жылы 2,5 пайызға өсті. Ауыл шаруашылық өндірісінде де алға жылжу бар. Бір сөзбен айтқанда, Еуразиялық одақ экономикалық өсім жолына түсті.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ