Алматыда «АТФБанктің» серіктестерімен бірлескен іскерлік форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «АТФБанктің» серіктестерімен бірлескен іскерлік форумы өтті

14.12.2017

Бұл ауқымды шараға беделді компания басшылары, мемлекеттік құрылымдар мен «Даму» қорының өкілдері қатысты. Басқосуда биыл активтерінің саны артып, кіріс көзі 20 есеге артқан банктің өкілдері жылды қорытындылады. Сондай-ақ, шарада танымал спикерлер қызметін енді бастаған кәсіпкерлерге кеңес берді. Бұдан басқа, жиналғандар әлемге белгілі спикер, айтулы журналист, тележүргізуші және Ресей телевизиясы академиясының бірінші президенті Владимир Познермен сұхбат құрды.

«Ekofarm International» компаниясың директоры, кәсіпкер Мүслім Таласов талай жылдардан бері тек «АТФБанкпен» бірге жұмыс істеп келеді. Ол еліміздегі қызмет сапасы мен рейтингі жоғары бірден-бір банк АТФ-тің серіктесі болғанына дән риза. Сондықтан, бизнесмен болашаққа сеніммен қарайды. Себебі, аталған банкпен одан әрі тығыз байланыста болмақ.

Мүслім Таласов, «Ekofarm International» компаниясының директоры:

- Компаниямен 6 пайыздық даму бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Өте ыңғайлы. Сосын банк пен біздің арамызда үлкен сенімшілік бар. Тендерге қатысуда бізге бөлек 4 пайыздық жеңілдетілген бағдарлама бойынша кепілдік беріледі.

«АТФБанк» басшылығы серіктестерімен ынтымақтастық пен достықты арттыра түспекші. Өйткені, биыл халықаралық рейтинг агенттігі осы банктің қызметін жоғары бағалады. Былтырға қарағанда, олардың табысы 2,4 есеге көбейді. 2017 жылдың 9 айында таза кіріс 11,4 млрд. теңге болды. Ал, қазір банк - барлық маңызды мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы. Бұл бағытта несие портфелінің өсімі осы жылы 10 айда 28 пайыз, ал, соңғы 2 жылда 31 пайызға жетті.

Энтони Эспина, «АТФБанк» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз банкті сатып алғанда көптеген шетелдік оның жұмысын жақсартатынымызға сенген жоқ. Дегенмен, біз оған бар күшімізді жұмсап, өзгелерге білікті екендігімізді дәлелдедік. Осы жылдың соңында банктің кірісі 20 есеге артатынын қуанышпен айтамын. Тағы да қосарым, «АТФБанк» өкілдерінің Қазақстандағы рейтингі жоғары агенттіктердің көрсеткішін көтеруге қауқары жететін жалғыз банк.

«АТФБанк» бизнеске қолдау көрсету жағынан алдыңғы қатардағы әмбебап мекеме. Себебі, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру ісінің нәтижесінде 2013-2017 жылдар аралығында банктің 17 964 клиенті жұмыс орнын сақтады. Сондай-ақ, Қазақстанда 5 589 жаңа жұмыс орны ашылды. «Осы тұрғыда банктің мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту арқылы серіктестеріміз бен халыққа көмектесу - басты міндетіміз», - дейді басқарма төрағасы.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу