Басты Жаңалықтар Елімізге тартылатын инвестицияның басым бөлігі жаңа бағыттарға негізделеді

Елімізге тартылатын инвестицияның басым бөлігі жаңа бағыттарға негізделеді

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен басқосуда қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров айтты. Оның сөзінше, бұған дейін инвесторлар тек шикізат көздерін өңдеуге қаржы құйса, бұдан былай мүлде жаңа бағыттарға басымдық бермек. Өйткені, қазір экономиканы көтерудің жаңа тетіктері пайда болды. Сондықтан, білім беру, инновациялық жобаларды дамыту қажет. Жалпы, Тәуелсіздік жылдары 300 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылса, жуырда ғана Астанада болған инвестициялық форумда құны 3 млрд. АҚШ долларына жететін қаражат тарту үшін 11 келісімшарт жасалған. Қазақстанға ең көп инвестиция салған Америка Құрама Штаттарының бизнесмендері. Олардың 26 жыл ішінде біздің елге салған ақшасы - 50 млрд. АҚШ доллары. 

Дінмұхамед Әбсаттаров, Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Жаңа жаңғыртуға байланысты негізгі басым бағыттар бұл IT технологиясы бағытында Қазақстанды цифрландыру. Екіншісі, білім саласындағы реформаларға, үшінші, туризм саласы бағыттарын, төртінші, сауда инфрақұрылымын дамыту бағытындағы инвестицияға көп жұмыс жасасақ па деген мақсат алдымызға қойып отырмыз. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар бар ауылшаруашылық, өңдеу өндірісі саласындағы бағыттардың барлығын жетелеп ары қарай жүргізсек па деген мақсат қойып отырмыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Бөлісу