А.Көлгінов карантинге байланысты халыққа үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Көлгінов карантинге байланысты халыққа үндеу жариялады

17.03.2020

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілмек. Елорда аумағына кіріп шығатын жерлерде шектеу қойылады. Қала әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифинг өткізіп, қысылтаяң шақта бас қаладағы нысандар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Бас қаланың басшысы алдымен шектеулер жайлы айтты. Қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын жерлер түгел жабылады.

Қаладағы 12 ірі сауда-ойын-сауық орталықтары уақытша жұмысын тоқтатады. Тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы да уақытша шектеледі.

Қала басшысының айтуынша шаһарда санитарлық зарарсызданыру режімі күшейтілді. Қоғамдық тәртіпті қадағалау құқық қорғаушыларлдың жұымыс да қауыр болайын деп тұр.

Еркін СЬЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу