Еліміз 2020 жылға қарай транзиттен түсетін пайданы 5 млрд долларға жеткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз 2020 жылға қарай транзиттен түсетін пайданы 5 млрд долларға жеткізбек

14.11.2017

Жоспар ойдағыдай іске асуы үшін, көрші мемлекеттердің де көлік дәлізін жетілдіруі, шекаралық өткелдер қызметін оңтайландыруы - маңызды фактор. Аталмыш тақырып Астанада ұйымдастырылған халықаралық конференцияда талқыға салынды. Олардың оң шешім табуы - тұтас Орталық Азия үшін мол табыс көзі болғалы тұр. Себебі, алдағы уақытта бұл аймақ жаһандық транзиттік орталыққа айналады. Мамандар сөзінше, Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалы жыл сайын 10-12 пайызға артуда.

Санат Қошқынбаев, ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Қазірде Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі транзиттік мемлекет. Еуропадан Азияға тасымалданатын трансконтиненттік бағыттардың барлығы біздің ел арқылы өтеді. Қазірде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан мен Тәжікстан біздің ел арқылы көлік коммуникациясын дамытуға әзір. Бұл ретте Қазақстан кез келген елмен әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу