Сауд Арабиясына умра қажылыққа аттанған 200-ге жуық отандасымыз орта жолда кері қайтуға мәжбүр болды. Олар 27-ші ақпан күні елден шыққан. Алайда Абу-Даби және Стамбул әуежайларынан кері қайтарылды. Сақтық шараларын қолға алу мақсатында Сауд Арабияға кіретін жолдардың бәрі жабылды. 15 күн ішінде Медина мен Джидда қалаларындағы әуежайлар толық жабдықталғаннан кейін шекара қайта ашылады деп жоспарлануда. О баста Сауд Арабия билігі Қазақстанды COVID-19 вирусы тараған елдер тізіміне қосыпты деген ақпарат қате. Бүгін белгілі болғандай, Қазақстанда вирус тараған емес, тарауы ықтимал 49 мемлекеттің қатарына енген.
Еліміздің мешіттерінде жамағаттың намаз оқуына тыйым салынбайды. Алайда, коронвирустың таралуына байланысты мұсылмандардың құлшылықты үйде жасағаны абзал.